Автопортрет (2019)

/01

Алмас Нұрғожа

Қазақстан заманауи бейнелеу өнеріндегі белсенді суретшілерінің бірі. Автор формамен, түспен тәжірибе жасаудан қорықпайды, батыл ракурстарды жазады.

1988 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылында дүниеге келген. 2007 жылы О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін бітірген. 2012 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмәмдаған. 2017 жылы осы академиядан «Станокты кескіндеме» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2014-22 жылдар аралығында О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде сабақ берді.

/02

көрмелер

/03

марапаттар

  • 2020
    -

    «Күміс кілт» марапаттарының лауреаты. Никосия, Кипр

  • 2021
    -

    «Дебюттер достастығы» атты халықаралық сыйлығының лауреаты